"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ "SAT & Company" акционерлік қоғамының акциялары бойынша Қазақстан қор биржасындағы маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

16.02.15 17:23
/KASE, 16.02.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) 2015 жылдың 13 ақпанынан бастап "SAT & Company" АҚ (Алматы) KZ1C54620014 (KZ1C00000553, SATC) жай және KZ1P54620110 (KZ1P00000566, SATCp) артықшылықты акцияларының биржадағы маркет- мейкердің міндеттерін орындаудан босатылды. Осы шешім "Маркет-мейкерлер туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының 4 бабына сәйкес маркет-мейкердің өтініші негізінде қабылданды. [2015-02-16]