18 ақпаннан бастап KASE қайталама нарығы секторында "Казкоммерцбанк" АҚ KZP03Y07D701 (KZ2C00003069, KKGBb11) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

16.02.15 16:46
/KASE, 16.02.15/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) шешімімен KASE қайталама нарығы секторында "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) KZP03Y07D701 (KZ2C00003069; KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздары" санаты, KKGBb11) облигацияларымен сауда- саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "BCC Invest" еншілес ұйымы - "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "өзге де борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша 2015 жылдың 14 қаңтарынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kkgb мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-02-16]