KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды

13.02.15 15:11
/KASE, 13.02.15/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE немесе Биржа) өз мүддесі бар мәміле: "РТРС" ЖШС-пен жайларды жалға алу бойынша 2015 жылдың 13 ақпанындағы мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шартын жасасқаны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар туралы ақпараттарды орналастыру ережелеріне сәйкес, келесі ақпаратты жария етеміз: 1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2015 жылдың 11 ақпаны (Биржалық кеңестің 2015 жылдың 11 ақпанындағы № 2 отырыс хаттамасы). 2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды. 3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды. 4. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің жалпы активтерге қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды. 5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: келісім-шарттың мәні уақытша иеленуге және пайдалануға (жалға) тұрғын емес жайларды және жабдықтарды беру, сондай-ақ, техникалық маманданымға сәйкес, жалға алынатын жайларды күтуге балйанысты ілеспелі қызметтер болып табылады. Келісім-шарттың жалпы сомасы – 21 996 089,16 теңге, соның ішінде: жайларды жалға алу – 14 979 809,16 теңге; қілеспелі қызметтер – 7 016 280 теңге. Жалдау мерзімі – 2015 жылдың 01 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін. 6. Мәміленің жасалған күні: 2015 жылдың 13 ақпаны. [2015-02-13]