"Казкоммерцбанк" АҚ технологиялық платформасымен "БТА Банк" АҚ оңтүстік филиалдарын біріктіру сәтті аяқталды

16.02.15 14:55
/KASE, 16.02.2015/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2015 жылдың 13 ақпанында төмендегі баспасөз- хабарламасын ұсынды: цитата басы Бүгін Қазкоммерцбанк пен БТА Банкі Қазкоммерцбанктің технологиялық платформасымен БТА Банкінің Оңтүстік Қазақстан филиалының бағдарламалық-аппараттық кешенін біріктіру сәтті аяқталғандығын хабарлады. Бұл филиал екі қаржы институтының жоспарлы бірігуі аясында Қазкоммерцбанктің бағдарламалық қамсыздандыруына өткен БТА Банкінің үшінші аймақтық бөлімшесі болып табылады. Ертеректе мұндай шаралар БТА-ның Жамбыл және Қызылорда филиалдарында сәтті аяқталған болатын. Осылайша, Қазақстанның оңтүстік облыстарында жұмыс жасайтын қос банктің , БТА мен Казком-ның филиалдары бір-бірімен толығымен біріктірілді. Қазкоммерцбанктің басқарма төрайымы Нина Жүсіпова бірігудің аралық қорытындыларын былай деп түсіндірді: "БТА мен Казкомның бірігу процесін бақылап отырғандардың барлығында – неге қос банктің біріктірілуі бүкіл елде бір уақытта жүргізілудің орнына, бір-бір филиалдан біртіндеп жүріп жатыр - деген сұрақ туындауы мүмкін. Тағы да атап өтейік, біздің ең басты мақсатымыз өз клиенттерімізге барынша қолайлылық жасау және банктердің өз қызметтерін үздіксіз атқаруы болып табылады. Сондықтан, ірі банктердің технологиялық тұрғыдан біріктіруіне қатысты халықаралық тәжірибелерді зерттеп, біз, күрделі әрі бір уақытта клиенттер үшін қолайлы нұсқаны таңдадық". Мағжан Әуезов, БТА Банкінің басқарма төрағасы: "Біздің мамандар тобы жинақталған бірігу тәжірибесін, аймақтық ерекшелікті және клиенттердің мүдделерін ескеріп, әрбір филиалда бірігу шараларын мұқият жоспарлауда. Осындай ауқымды дайындық жұмыстарының нәтижесі Казкомның банктік бағдарламасына клиенттердің жылдам әрі байқалмай ауысуы болып табылады, бұл қос банктің соңғы бірігуі үшін сенімді негізін қалауға мүмкіндік береді, ә