KASE сауда-саттық жүйесінде және мәліметтер базасында "Темiрбанк" АҚ KZ2C0Y20A641 (KZ2C00001485, TEBNb3) халықаралық облигациялары бойынша эмитенті "Альянс Банк" АҚ болып ауыстырылды

12.02.15 18:05
/KASE, 12.02.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2015 жылдың 13 ақпанынан бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және мәліметтер базасында KZ2C0Y20A641 (KZ2C00001485 (KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, TEBNb3) халыаралық облигацияларының эмитенті "Темiрбанк" АҚ (Алматы) "Альянс Банк" АҚ (Алматы) болып ауыстырлды. Аталған облигациялардың қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) бұрынғы TEBNb3 болып қалады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2012 жылдың 22 қаңтарынан бастап "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізіліп, 2015 жылдың 30 қаңтарынан бастап "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2015 жылдың 30 қаңтарындағы аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар http://www.kase.kz/files/emitters/TEBN/tebnf9_TEBNb3_izm_300115.pdf мекен- жайында жарияланды. [2015-02-12]