"Алматы электр стансалары" АҚ KZP10М52E422 (KZ2C00002830, ALESb10), KZP11М64Е425 (KZ2C00002822, ALESb11) және KZP12М76E427 (KZ2C00002798, ALESb12) облигациялары 13 ақпаннан бастап KASE ресми тізімінің "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

13.02.15 12:15
/KASE, 13.02.15/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 11 ақпанындағы шешімімен "Алматы электр стансалары" АҚ (Алматы) төмендегі облигациялары KASE ресми тізіміне "өзге де борыштық борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: - KZP10М52E422 (KZ2C00002830, 100 теңге, 1,870 млрд теңге; 13.02.15 – 13.06.19, жарты жылдық купон, жылдық 6,00 %, 30/360); - KZP11М64Е425 (KZ2C00002822, 100 теңге, 1,870 млрд теңге; 13.02.15 – 13.06.20, жарты жылдық купон, жылдық 6,00 %, 30/360); - KZP12М76E427 (KZ2C00002798, 100 тенге, 3,370 млрд тенге; 13.02.15 – 13.06.21, жарты жылдық купон, жылдық 6,00 %, 30/360). Листингілік комиссияның осы шешімі 2015 жылдың 27 қаңтарынан бастап, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2) тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға ALESb10, ALESb11 және ALESb12 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар айтылмыш KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ales мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-02-13]