"Банк ЦентрКредит" АҚ "БТА Ипотека" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Банк" АҚ ипотекалық облигациялары бойынша кепіл жағдайына тексеру жүргізілгені туралы хабарлады

10.02.15 16:47
/KASE, 10.02.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Ипотека" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Банк" АҚ (Алматы) ипотекалық облигацияларын ұстаушы болып табылатын "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KASE ресми хатпен 2015 жылдың 01 қаңтарына кепілдік тізбесі мәліметтері бойынша аталған облигацияларды ұстаушылар алдындағы "БТА Банк" АҚ еншілес ұйымы "БТА Ипотека" кепілдік мүлік жағдайына ішінара тексеру жүргізілгені туралы хабарлады: - KZPC3Y10B333 (KZ2C00000909, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, BTAIb5); - KZP03Y10B642 (KZ2C00000867, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, BTAIb9. Жүргізілген тексеру негізінде "Банк ЦентрКредит" АҚ төмендегіні хабарлады: цитата басы Ипотекалық облигациялардың коэффициентін қамтамасыз ету облигациялар шығарылымы аңдатпасы мен кепіл шартының талаптарына сәйкес келеді. Купондық сыйақы төлемі толық және уақтылы орындалуда. Ішінара тексеру нәтижелері бойынша өкіл Эмитентке қарыздар бойынша мәліметтер есебі жүйесіне ақпараттар енгізуге, кепіл мәніне мониторирнг жүргізуге бақылауды күшейтуді ұсынды және ескертулерді түзету бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлауды ұсынды. Мүлік жағдайына тексеру жүргізуге қажетті ақпараттың растығына облигацияларды ұстаушылардың алдында "БТА Ипотека" АҚ еншілес ұйымы "БТА Банк" АҚ басшылығы жауапты болып табылады. цитата соңы [2015-02-10]