"Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы -"BCC Invest" акционерлік қоғамына "Банк "Астана-финанс" АҚ бағалы қағаздары бойынша биржадағы маркет-мейкері мәртебесі берілді

05.02.15 15:11
/KASE, 05.02.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2015 жылдың 09 ақпанынан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы -"BCC Invest" акционерлік қоғамына (Алматы) өтініші негізінде "Банк "Астана-финанс" АҚ (Алматы) төмендегі бағалы қағаздары бойынша биржадағы маркет-мейкері мәртебесі берілді. - KZ1C56630011 (KZ1C00001023, екінші санат, ABBN) жай акциялары; - KZP01Y05E863 (KZ2C00003085, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, ABBNb1) облигациялары. Маркет-мейкер өз міндеттерін орындауға аталмыш облигациялармен сауда- саттық ашылған күннен бастап кіріседі. [2015-02-05]