"Альянс Банк" АҚ XS1153772725, XS1154028200 (ASBNe14) халықаралық облигациялары 27 қаңтардан бастап KASE ресми тізімінің "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

29.01.15 17:56
/KASE, 29.01.15/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 23 қаңтарындағы шешімімен "Альянс Банк" АҚ (Алматы) XS1153772725, XS1154028200 ($236,57 млн; 15.12.14 – 15.12.24, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 11,75 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "өзге де борыштық борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингілік комиссияның осы шешімі 2015 жылдың 29 қаңтарынан бастап, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2) тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, күшіне енді. Аталмыш облигациялардың сауда-саттығы ашылуы бойынша биржада қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялар бойынша негізгі төлем агенті The Bank of New York Mellon (London) болып табылады. Аталмыш облигацияларға ASBNe14 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар айтылмыш KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/asbn мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-01-29]