2015 жылдың 30 қаңтарында "ОРда кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болады

15.01.15 18:03
/KASE, 15.01.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ОРДА кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС (Шымкент, бұдан әрі – компания), 2015 жылдың 30 қаңтарында сағат 11:00-де компания қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе: - Компанияның Қадағалау кеңесінің құрамын өзгерту және бекіту; - Компания Басқармасы құрамын бекіту және өзгерту. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:00-ден бастап жүргізіледі. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2015 жылдың 31 қаңтарында сағат 10:00-де жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Қатысушыларға аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47 мекен-жайы бойынша танысуына болады. [2015-01-15]