"Темiрбанк" АҚ өзінің және "ForteBank" АҚ "Альянс Банк" акционерлік қоғамына біріктіру арқылы ерікті қайта ұйымдастырылуы туралы хабарлады

08.01.15 17:03
/KASE, 08.01.2015/ – Бағалы қағаздарыҚазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Темірбанк" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған баспасөз хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес "Альянс Банк" акционерлік қоғамы (бұдан әрі– "Банк") (Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі 2007 жылы 26 желтоқсанда берген №250 лицензия, БСН 990740000683, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ., Фурманов к- сі, 50) өз кредиторларына Банктің ерікті түрде қайта ұйымдастыруды оған "Темiрбанк" АҚ (бұдан әрі – "Темiрбанк") (Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен 2010 жылы 16 шілдеде берілген №107 лицензия, БСН 920340000031, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Бостандық ауданы, Абай д-лы, 68/74) және "ForteBank" АҚ (бұдан әрі – "ForteBank") (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау комитеті 2012 жылы 28 сәуірде берген №1.1.256 лицензия, БСН 0709940006465, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Достық к-сі, 192) біріктіру арқылы (бұдан әрі – "Біріктіру") жүргізетіні туралы хабарлайды. Біріктіру туралы шешім 2014 жылы 10 қарашада Банк, Темiрбанк және ForteBank акционерлерінің бірлескен кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданды (2014 жылғы 10 қарашадағы хаттама).Сол күні Темірбанкті Банкке біріктіру туралы шартқа және ForteBank-ті Банкке біріктіру туралы шартқа қол қойылды. Банк 2014 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Біріктіруге рұқсатын алды. Банк 2014 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Біріктіруге рұқсатын алды. 2015 жылғы 1 қаңтарда Банктің, ForteBank пен Темірбанктің Басқарма Төрағалары және бас бухгалтерлері өткізіп беру актілеріне қол қойды, оған сәйкес ForteBank пен Темірбанктің барлық мүлігі, оған қоса талаптары мен міндеттемелері Банкке өткізілді. Банктің Кредиторлары қол қойылған өткізіп беру актілерімен 2015 жылғы 12 қаңтарда алматы уақытымен сағат 10-00-ден бастап 18-00 дейін мына мекенжайы бойынша таныса алады: Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ., Фурманов к-сі, 50-үй. Қол қойылған өткізіп беру актілерімен танысу Банк өкілінің қатысуымен және жеке басын куәландыратын құжатты, сенімхатты (егер тұлға Банк кредиторының өкілі болғанда) ұсынғанда, сондай-ақ аталған өткізіп беру актісімен танысуды қалайтын тұлға Банктің кредиторы болып табылатынын растайтын құжаттар ұснылғанда жүргізіледі. Өткізіп беру актісімен танысу барысында фото және видео түсіруге рұқсат етілмейді. Анықтамалар үшін телефондар: +7 727 258 40 40 (ішкі тел.: 52016, 52727) цитата соңы [2015-01-08]