"Альянс Банк" АҚ "Темiрбанк" АҚ және "ForteBank" АҚ қосылу арқылы ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге ҚР Ұлттық Банкінен рұқсат алғаны туралы хабарлады

12.12.14 17:47
/KASE, 12.12.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс Банк" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), 2014 жылдың 11 желтоқсанында баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес "Альянс Банк" акционерлік қоғамы (бұдан әрі– Банк") (Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі 2007 жылы 26 желтоқсанда берген №250 лицензия, БСН 990740000683, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ., Фурманов к- сі, 50) өз депозиторларына, клиенттеріне, корреспонденттеріне және қарыз алушыларына Банк оған "Темiрбанк" АҚ (бұдан әрі – "Темiрбанк") (Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен 2010 жылы 16 шілдеде берілген №107 лицензия, БСН 920340000031, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Бостандық ауданы, Абай д-лы, 68/74) және «ForteBank» АҚ (бұдан әрі – "ForteBank") (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау комитеті 2012 жылы 28 сәуірде берген №1.1.256 лицензия, БСН 0709940006465, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Достық к-сі, 192) қосылуы арқылы ерікті түрде қайта ұйымдастыруды (бұдан әрі – «Қайта ұйымдастыру») жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 жылдың 10 желтоқсанында рұқсатын алғандығын хабарлайды. Қайта ұйымдастыру туралы шешім 2014 жылы 10 қарашада Банк, Темiрбанк және ForteBank акционерлерінің бірлескен кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданды (2014 жылғы 10 қарашадағы хаттама). Қайта ұйымдастыруды жүзеге асыру нәтижесінде Банктің ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, лицензиясы және деректемелері өзгермейді, сонымен қатар тараптар, Банктің депозиторларымен, клиенттерімен, корреспонденттерімен және қарыз алушыларымен құқықтық қатынастарының түрі мен мазмұны өзгермейді. Анықтама телефондары: +7 727 258 40 40 Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін. 8 8000 800 000 ҚР бойынша қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін 7575 - ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға арналған нөмір цитата соңы [2014-12-12]