Ұлттық Банк "Альянс Банк" АҚ акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулерді тіркеді

12.12.14 16:30
/KASE, 12.12.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс Банк" АҚ (Алматы, одан әрі - Банк) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген тіркелген өзгертулердің және бұрынғысының орнына берілген, бағалы қағаздардың мемлекеттік тіркеуден өтуі туралы 2014 жылдың 10 желтоқсанындағы куәлігінің көшірмелерін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҰБ) банктің аталмыш акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді; - аталмыш куәлік компанияның жарияланған аталмыш акцияларының саны ұлғаюына байланысты ауыстырылды; - банктің жарияланған жалпы акциялары саны - 150 003 000 000 дананы құрайды, оның ішінде KZ1C40310019 жай акциялары 150 000 000 000 дананы, жай акцияға айырбасталған, артықшылықты акциялары KZ1P40310115 3 000 000 құрайды; - банктің акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А4031 нөмірімен енгізілді; - 2014 жылдың 21 мамырындағы жағдай бойынша 13 637 563 жай және 2 637 563 артықшылықты акциялары орналастырылған, оның жарғылық капиталы 273 090 572 000 теңге көлемінде қалыптасқан. Компанияның акциялар шығарылымына енгізілген өзгертулер KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ASBN/asbnf9_izm_101214.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-12-12]