"Орталық Азия Электр энергетикалық Корпорациясы" АҚ Павлодар мен Петропавловск қаласында жаңартылған нысандарды пайдалануға бергені туралы хабарлады

09.12.14 18:27
/KASE, 10.12.2014/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Орталық Азия Электр энергетикалық Корпорациясы" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), 2014 жылдың 08 желтоқсанында баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында "Орталық Азия Электр энергетикалық Корпорациясы" АҚ (ОАЭК АҚ) "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ Павлодар ТЭЦ-3 № 5 жаңартылған турбоагрегаты салтанатты түрде пайдалануға берілді және "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ Петропавловск ТЭЦ-2 № 8 жаңа қазандық агрегаты салтанатты түрде іске қосылды. ... Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/CAEP/caep_reliz_081214.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2014-12-10]