"Альянс Банк" АҚ банкті қайта құрылымдау жоспарын конкурстық кредиторлардың жиналысында мақұлданғаны туралы хабарлады

19.11.14 17:00
/KASE, 19.11.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс Банк" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... "Альянс Банк" АҚ (одан әрі – Банк) Банктің қайта құрылымдау жоспарын кредиторлардың бекіткені туралы хабарлады. Қайта құрылымдау туралы заңға сәйкес, Қайта құрылымдау жоспарын қайта құрылымдауға жататын қаржылық қарыздың үштен екі бөлігіне ие конкурстық кредиторлар бекітуі тиіс. ... Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_191114.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2014-11-19]