"Альянс Банк" АҚ әкімшілік құқық бұзушылық үшін ескерту алғаны туралы хабарлады

14.11.14 10:49
/KASE, 14.11.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс Банк" АҚ (Алматы, одан әрі цитатада – Банк), биржаға (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: ... ...Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 жылдың 12 қарашасындағы №140000803000981 Ескертуіне сәйкес ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданды. Аталмыш жаза Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 168-6 бабының 1 тармағында қарастырылған, клиенттердің операциялары бойынша валюталық бақылау агентінің есептілікті уақытында ұсынбауымен байланысты. ... [2014-11-14]