"Орда кредит" Несиелік серіктестік" АҚ өзінің KZ2P0Y10C900 (KZ2P00000193, ORDKb2) облигациялары бойынша 23-ші купонын төлегені туралы хабарлады

07.11.14 15:18
/KASE, 07.11.14/ – "Орда кредит" Несиелік серіктестік" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2014 жылдың 05 қарашасында өзінің KZ2P0Y10C900 (KZ2P00000193, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, ORDKb2) облигациялары бойынша 23-ші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 45 000 000,00 теңгені құрады. [2014-11-07]