KASE ірі мәміле жасағаны туралы хабарлайды

14.10.14, 17:55
/KASE, 14.10.2014/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2011 жылдың 04 шілдесінде Қазақстан қор биржасы акционерлік қоғамы мен "Рахат Тауэрс" Көп салалы кешені" ЖШС арасында тұрғын емес үй-жайларды сатып алу-сату келісім-шартына қосымша келісім ретінде ірі мәміле жасағаны туралы хабарлады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийі, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп берушіліктерді және аудиторлық есептерді орналастыру ережелеріне сәйкес, келесі ақпаратты жариялаймыз: 1. Акционерлік қоғамның мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні: 2014 жылдың 09 қазаны (Биржалық кеңестің шешімі, 2014 жылдың 09 қазанындағы №37 хаттамасы) 2. Мәміленің заты болып табылатын, мүліктің құны: қолданылмайды. 3. Мәміленің заты болып табылатын, мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды. 4. Мәміленің заты болып табылатын, мүлік құнының жалпы активтердің құнына пайыздық қатынасы: қолданылмайды. 5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: жер телімінің жалпы көлемі 1,1332 гектардан 1,3782 гектарға өзгертілді. 6. Мәміленің жасалған күні: 2014 жылдың 13 қазаны. [2014-10-14]