2014 жылдың 10 қарашасында "Альянс Банк" АҚ, "ForteBank" АҚ және "Темiрбанк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

10.10.14 18:28
/KASE, 10.10.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс Банк" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), хабарлама ұсынды: ... "Альянс Банк" акционерлік қоғамы (Басқарманың орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ, Фурманов көш, 50), "ForteBank" акционерлік қоғамы (Басқарманың орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ, Достық д, 192) және "Темiрбанк" АҚ (Басқарманың орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050008, г. Алматы, Абай даңғ, 68/74) өздерінің акционерлерін Банктің Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша банк акционерлерінің бірлескен кезектен тыс жиналысы өтетіні туралы хабарлайды. Жиналыс 2014 жылдың 10 қарашасында сағат алматы уақытымен 10-00-ден басталады, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы Фурманов көшесі, 50, 3-ші қабат, № 1 мәжіліс залы. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2014 жылдың 10 қарашасында алматы уақытымен сағат 09.00-ден басталады. Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1231900 мекен-жайында танысуға болады. ... [2014-10-10]