KASE мүдделі мәміле жасағаны туралы хабарлады

09.10.14 18:41
/KASE, 09.10.2014/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесі 2014 жылдың 22 қыркүйегінде, Қазақстан қор биржасының (KASE) мен биржа мүшелері арасында жасалған ақпаратты беру тәртібі туралы келісімге "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" (одан әрі – Компания) акционерлік қоғамымен жасалған №2 қосымша келісімді мүдделі мәміле ретінде мақұлдады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийі, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп берушіліктерді және аудиторлық есептерді орналастыру ережелеріне сәйкес, келесі ақпаратты жариялаймыз: 1. Мәміленің заты болып табылатын, мүліктің құны: қолданылмайды. 2. Мәміленің заты болып табылатын, мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды. 3. Мәміленің заты болып табылатын, мүлік құнының жалпы активтердің құнына пайыздық қатынасы: қолданылмайды. 4. Мәміленің негізгі шарттары:Келісім мәтінен аталмыш қосымша келісім ретінде Компанияның IP-адресі мен электрондық почта адресінің атауы алып тасталды. 5. Мәміленің жасалған күні: 2014 жылдың 08 қазаны. Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғам туралы" заңының 64 бабының 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ биржаға үлестес тұлға болып табылады. [2014-10-10]