/ТҮЗЕТІЛДІ/ KASE мүдделі мәміле жасағаны туралы хабарлады

25.08.14 17:39
/KASE, 25.08.2014, мәміле жасау күні өзгертілгенінен байланысты қайта таратылды/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесі 2014 жылдың 08 тамызында, KASE мүддесі бар, "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамымен 2011 жылдың 05 қыркүйегінде жасалған Сауда-саттықты ұйымдастырушысына қызмет көрсету туралы № 1 Келісім-шартына (бұдан әрі – Келісім-шарт) №4 қосымша келісімін жасауды мақұлдады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бнкітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийі, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп берушіліктерді және аудиторлық есептерді орналастыру ережелеріне сәйкес, келесі ақпаратты жариялаймыз: 1. Мәміленің заты болып табылатын, мүліктің құны: қолданылмайды. 2. Мәміленің заты болып табылатын, мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды. 3. Мәміленің заты болып табылатын, мүлік құнының жалпы активтердің құнына пайыздық қатынасы: қолданылмайды. 4. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: қолданыстағы практикаға сәйкес, жоғарыда аталмыщ қосымшамен Келісім-шартқа түзетулер енгізілген. 5. Мәміленің жасалған күні: 2014 жылдың 19 тамызы. Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 64 бабының 1 тармағы 6 тармақшасына сәйкес, "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ KASE үлестес тұлғасы болып табылады. [2014-08-25]