"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZP01Y09Е709 (KZ2C00002731, AGKKb4) облигациялары 20 тамыздан бастап KASE ресми тізімінің "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

20.08.14 17:42
/KASE, 20.08.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 08 тамызындағы шешімімен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Алматы) KZP01Y09Е709 (KZ2C00002731; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 20.08.14 – 20.02.23, жылдық 8,50 % жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының аталмыш шешімі 2014 жылдың 20 тамызынан бастап, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың андеррайтері және қаржы кеңесшісі "Қазақстан Халық Банкі АҚ еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілдері "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға AGKKb4 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/agkk мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-08-20]