"Альфа-Банк" Еншілес Банкі" АҚ өз Басқармасының құрамы өзгергені туралы хабарлады

05.08.14 14:29
/KASE, 05.08.2014/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Альфа-Банк" Еншілес Банкі" АҚ (Алматы), обиржаға жолдаған ресми хабарламасында былай деп мәлімдеді: ... "Альфа-Банк" ЕБ" АҚ Басқармасының құрамы өзгергені туралы. "Альфа-Банк" Еншілес Банкі" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 31 шілдесіндегі № 55 отырыс хаттамасына сәйкес, Банк Басқармасының мүшесі Басқарма Төрағасының Орынбасары М.В. Троицкийдің өкілеттілік мерзімі аяқталып, 2014 жылдың "8" тамызынан бастап Банк Басқармасының құрамынан шығарылды. [2014-08-05]