"Цесна Капитал" АҚ "Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ CH0246198037 (TMJLe2) және CH0246199050 (TMJLe3) халықаралық облигациялары бойынша биржада маркет-мейкері мәртебесі берілді

25.06.14 16:08
/KASE, 25.06.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасының шешімімен 2014 жылдың 24 маусымынан бастап "Цесна Капитал" АҚ (Алматы) өтініші негізінде Қазтемiртранс" АҚ және "Локомотив" АҚ кепілдігімен шығарылған "Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) төмендегі халықаралық облигациялары бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілді. - CH0246198037 (KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TMJLe2; 100,0 млн швейцар франкі, 20.06.14 – 20.06.19, жылдық купон, жылдық 2,590%; 30/360); - CH0246199050 (KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TMJLe3; 185,0 млн швейцар франкі, 20.06.14 – 20.06.22, жылдық купон, жылдық 3,638%; 30/360). Маркет-мейкер аталмыш облигациялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап өз міндеттерін атқаруға міндетті. [2014-06-25]