Ұлттық Банк KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулерді тіркеді

18.06.14 10:56
/KASE, 18.06.2014/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 09 маусымында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) биржа акцияларының № 10 шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді. Аталмыш өзгерістер KASE Басқармасы құрамындағы өзгерістерге байланысты енгізілді. - Ұлттық Банкінің 2014 жылдың 11 мамырындағы Биржалық кеңестің құрамындағы өзгерістер туралы № 11209/2010 хаты және Ұлттық Банк Абай Искандиров Мұқашұлына берілген № 73с сенімхат негізінде; - Биржалық кеңестің екі комитеті – Кадр және сыйақылар жөніндегі Комитет және Әлеуметтік мәселелер және корпоративтік басқару және этика мәселелері комитеті Биржалық кеңестің шешімі негізінде (2014 жылдың 13 мамырындағы № 18 хаттамасы). Биржаның жаңартылған шығарылым аңдатпасы KASE интернет-сайтында "Биржа туралы" – "Корпоративтік құжаттар" бөлімінде http://http://www.kase.kz/files/normative_base/kasef9_izm10_2014_kaz.pdf мекен- жайында орналасқан. [2014-06-18]