"HALYK FINANCE" АҚ "ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

12.06.14 10:23
/KASE, 12.06.2014/ –"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) еурооблигациялары шығарылымының жетекші менеджері және букраннері болып табылатын "Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) хабарламасы негізінде, "Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ шет мемлекеттің заңдарына сәйкес тіркелген және шығарылған еурооблигацияларды жоспарлы орналастыруға қатысуға биржа мүшелерінен өтінімдерді қаыблдау басталғаны туралы хабарлайды. Төменде "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ Қазақстан қор биржасына ұсынған аталмыш облигациялардың параметрлері, сондай-ақ облигацияларды Қазақстанда сатып алуға ұсыным тәртібі берілген. ... АҚШ, АВСТРАЛИЯ, КАНАДА НЕМЕСЕ ЖАПОНИЯДА ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ ТАРАТЫЛУҒА ЖАТПАЙДЫ "Қазақстан қор биржасы" АҚ биржа мүшелерінен жоспарланған "Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі-Эмитент), Еурооблигациялардың екі траншын алғаш орналастыруға қатысуға, шет мемлекет заңнамасына сәйкес, шығарылған және тіркелген Еурооблигацияларының (Облигациялар) екі шығарылымын бастапқы орналастыруға қатысуға өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған нарығындағы әлеуетті инвесторлардың өтінімдерін қабылдау Еурооблигациялардың шет мемлекет аумағында орналастырумен қатар, шет мемлекетте орналастырудағы Облигацияның бағасын анықтау шарттарына ұқсас, бағалы қағаздардың тиісті нарығына тиесілі ықтимал ерекшеліктерді ескеріп, орналастыру өткізіледі. ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ: ----------------------------- -------------------------------------------------- Эмитенттің атауы: "Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ Кепілдеме: "Казтемiртранс" АҚ және "Локомотив" АҚ Облигациялардың Қамтамасыз етілмеген облигациялар әрбір траншы бойынша түрлері: Әрбір траншы бойынша АҚШ бағалы қағаздар туралы Заңының S Қағидасына тарату: сәйкес; TEFRA C Әрбір транш бойынша бір 5 000 (бес мың) швейцар франкі немесе бағалы қағаздың осы сомаға тең үлкен номиналдық сомасы номиналдық құны: 1-ші транштың 5 жыл айналыста болу мерзімі: 2-ші транштың 8 жыл айналыста болу мерзімі 1-ші траншты өтеу мерзімі: 2019 жылдың 20 маусымы 1-ші траншты өтеу мерзімі: 2022 жылдың 20 маусымы 1-ші траншты орналастыру Номинал бойынша (табыстылығы 2,590%, кезіндегі индикативті 5 жылдық орташа нарықтық своп кірістілігі: мөлшерлемесі + 224 б.п.) 2-ші траншты орналастыру Номинал бойынша (табыстылығы 3,638%, кезіндегі индикативті 8 жылдық орташа нарықтық своп кірістілігі: мөлшерлемесі + 280 б.п.) Әрбір транштың болжамды BBB- (S&P), Baa3 (Moody’s), BBB (Fitch) рейтингтері: Шығарылым және қызмет швейцар франкі көрсету валютасы: Қосымша ақпарат: Облигациялардың ақпараттық меморандумымен "Қазақстан қор биржасы" АҚ сайтында мынадай сілтеме бойынша танысуға болады http://www.kase.kz/files/emitters/TMJL/tmjlf9e2_2014.pdf -------------------------------------------------------------------------------- ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДА САТЫП АЛУДЫ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ: -------------------------------------------------------------------------------- Өтінімдер қабылдау күні: 2014 жыл 12 маусым Өтінімдер қабылдауды бастау алматы уақытымен сағат 10.00 уақыты: Өтінімдер қабылдауды аяқтау алматы уақытымен сағат 19.00 уақыты: Өтінімдер беру әдісі: жабық Бағасы мен инвесторлардың өтінімдерін қанағаттандыру көлемін анықтаудың болжамды датасы: 2014 жылдың 13 маусымы Есеп айырысудың болжамды датасы: 2014 жыл 20 маусым Есеп айырысу шарттары: Өтінімдер беру күніне Облигацияларды сатып алушы сатып алатын облигацияларға төлем ретінде "Halyk Finance" АҚ брокерлік шотында немесе Credit Suisse AG, UBS AG, Deutsche Bank AG или HSBC Bank PLC ашық линияларының барын жазбаша түрде растауы, сондай-ақ есеп айырысуға қажетті барлық нұсқауларды ұсынуы тиіс. -------------------------------------------------------------------------------- KASE ресми сайтында (http://www.kase.kz/files/mix/tmjle_order_form_020614.doc ) жарияланған үлгі бойынша рәсімделген өтінімдерді құжаттама түрінде :050000, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" КФК, солтүстік мұнара, 8-ші қабат мекен-жайына, "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық департаментіне және факсимильді хабарлама түрінде +7 (727) 237 60 20 телефонына, сондай-ақ электрондық пошта арқылы trade@kase.kz мекен-жайына жолдауларыңызды сұраймыз. "Halyk Finance” АҚ, Credit Suisse AG, Deutsche Bank AG, HSBC және UBS Investment Bank шығарылымның жетекші Менеджері болып табылады, "Цесна Капитал” АҚ Қазақстанда сату жөніндегі агенті болып табылады. Қосымша ақпараттар алу туралы барлық сұрақтар бойынша "Halyk Finance" АҚ және "Цесна Капитал" АҚ төмендегі өкілдеріне хабарласа аласыз: Охонов Фархад (тел. 8 (727) 330-01-52, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: FarhadO@halykbank.kz) Хван Олег (тел. 8 (727) 330-09-82, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: OlegH@halykbank.kz) Ли Станислав (тел. 8 (727) 244-65-37, факс 8 (727) 259-05-93, e- mail:s.li@halykfinance.kz) Жакупов Ануар, (тел. 8 (727) 311-56-75, факс 8 (727) 311-56-75, e-mail: Zh_Anuar@tscapital.kz) Осы хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1222449 мекен-жайында танысуға болады. [2014-06-12]