2014 жылдың 09 маусымынан бастап "ТЕМА Ко." АҚ KZ2C0Y06D750 (KZ2C00001683, TEMAb2) облигациялары KASE ресми тізімінен шығарылды

09.06.14 17:55
/KASE, 09.06.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 09 маусымынан бастап "ТЕМА Ко." АҚ (Алматы) KZ2C0Y06D750 (KZ2C00001683, KASE ресми ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TEMAb2; 1 000 теңге, 1,2 млрд теңге; 14.05.10 – 14.05.16, кварталдық купон, жылдық 13,50 %; 30/360) облигацияларыKASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. KASE 2014 жылдың 02 маусымындағы қорытындысында "ТЕМА Ко." АҚ 2014 жылдың 04 мамырында "Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы рейтингілік агенттігі" АҚ аталмыш облигацияларға берілген рейтингілік бағасын "С1" деңгейінен "D" деңгейіне дейін төмендетуіне байланысты 2014 жылдың ақпан айында аталмыш облигациялар бойынша 15-ші купондық сыйақысы төлемі бойынша дефолт болды деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы қызметін реттеу жөніндегі агенттік төрағасының 2006 жылдың 08 қыркүйегіндегі № 6 "Бағалы қағаздардың рейтингілік бағалауларына және олардың эмитенттеріне Алматы қаласының қаржы орталығы арнайы сауда- саттық алаңына рұқсат беру талаптарын белгілеу туралы "1-бұйрығының 2) тармағына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың рейтингілік бағалауы Moody's Investors Service рейтингілік агенттігінің сараптамасы бойынша "Сaa3" деңгейінен төмен болмауы тиіс, Standard & Poor's және Fitch Ratings агенттіктерінің сараптамасы бойынша "СCC-" деңгейінен, "Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы" агенттігінің сараптамасы бойынша "С1" деңгейінен, "Эксперт РА Казахстан" рейтингілік агенттігі ЖШС сараптамасы бойынша "С++" және "KZ-rating" рейтингілік агенттігі ЖШС сараптамасы бойынша "ССС" по деңгейінен төмен болмауы тиіс. Аталмыш қорытындыда сондай-ақ "ТЕМА Ко." АҚ Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген, "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатында көрсетілген ақпаратты ашу және "ТЕМА Ко." АҚ және KASE арасында 2010 жылдың 18 тамызында жасалған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың листингі туралы талаптарды орындамағаны ескерілді. Жоғарыда айтылған негізінде және биржаның "Листингілік ережелерінің" 19 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес эмитент және оның облигациялары рейтингілік бағалау талаптарына және биржаның "Листингілік ережелерінің" 19 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес келмесе, ақпаратты ашу бойынша бағалы қағаздардың іске қосу бастамашысы жүйелі түрде Қазақстан Республикасының заңдарымен, Листингілік ережелер мен листингілік шарттарда белгіленген тәртіпті сақтамаса аталмыш облигациялар делистингілеуге жатады. Қазіргі уақытта рейтингілік бағаны қайта қарау жөнінде сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша он алтыншы купондық кезеңге сыйақы төлеу туралы биржада ақпарат жоқ, В (2014 жылдың 14 ақпанынан 13 мамырына дейін). Жоғарыда аталғандар негізінде "ТЕМА Ко." АҚ облигациялары делистингілеуге жатады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2010 жылдың 23 тамызынан бастап "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілді. Олармен сауда-саттық 2010 жылдың 17 қыркүйегінде ашылды. Аталмыш акциялардың биржада айналым уақытында олармен сауда-саттық жасалған жоқ. [2014-06-09]