KASE акционерлері 2013 жылға қаржылық есеп берушілікті бекітіп, 2013 жылға дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады

29.05.14 17:48
/KASE, 29.05.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2014 жылдың 29 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысы болып өткені туралы және келесідей негізгі шешімдер қабылдағаны туралы хабарлайды. 1. 2013 жылға KASE қаржылық есеп берушілігін бекіту, осы есеп берушілкке сәйкес: - биржалық топтың меншікті капиталы 2 202 764 мың теңгеге немесе 86,8 %-ға өсіп, 4 740 922 мың теңгені құрады; - активтер 2 256 918 мың теңгеге немесе 76,0 %-ға өсіп, 5 224 826 мың теңгеге жетті; - кірістер 292 348 мың теңге немесе 25,5 %-ға өсіп, 1 439 323 мың теңгені құрады; - шығындар 119 285 мың теңгеге немесе 13,7 % өсіп, 993 018 мың теңгені құрады; - топтың таза пайдасы142 911 теңге немесе 68,0 %-ға ұлғайып, 352 945 мың теңгені құрады. 2. 2013 жылға KASE таза пайдасын (кірісін) бөлудің келесі тәртібі бекітілсін: - 2013 жылдың қорытындысы бойынша KASE жай акциялары бойынша дивиденд төленбесін; - 351 148 090 теңге 28 тиын көлеміндегі 2013 жылға KASE таза пайдасын (кірісін) KASE дамуына жұмсалсын. 3. "Эрнст энд Янг" ЖШС 2014 жылға биржаның қаржылық есеп берушілігіне аудит жүргізу мақсатында анықталсын. 4. 2013 жылы KASE акционерлерінің биржа, оның лауазымды тұлғаларының биржа қызметі бойынша әрекеттеріне шағымдары болмағаны туралы мәліметтер ескерілсін. 5. Биржалық кеңес туралы Қағиданға №1 өзгертулер мен толықтырулар бекітілсін және 2014 жылдың 29 мамырынан бастап күшіне енгізілсін. Анықтама үшін: - 2013 жылға KASE жылдық қаржылық есеп берушілігінің шоғарлануы "ИРБИС" Қаржы нарықтарының ақпараттық агенттігі" ЖШС және "eTrade.kz" ЖШС осы кезеңдегі қаржылық есеп берушілігімен бірге жүзеге асырылды, аудитті "Эрнст энд Янг" ЖШС жүргізді; - 2013 жылдың қорытындысы бойынша жеке қаржылық есеп берушілігі бойынша KASE таза пайдасы 2012 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 78,3 %-ға өсіп, 351 148 090 теңге 28 тиынды құрады. [2014-05-29]