KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды

27.05.14 13:08
/KASE, 27.05.2014/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE) Биржалық Кеңесі 2014 жылдың 13 мамырында "Қазақстан Халық банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Компания) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында "Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ халықаралық облигацияларын шығаруға ұсынысты ұйымдастыру бойынша биржаға мүдделі мәміле болып табылатын, өтелетін қызмет көрсетуге келісім-шарт жасасқаны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы №72 қаулысымен бекітілген қаржылық есептілік депозитариін корпоративтік оқиғалар туралы қор биржасының ақпарттарын, қаржы есептілігі мен аудиторлық есептілікті интернет-ресурстарда орналастыру Ережесіне сәйкес , төмендегі ақпаратты ұсынамыз. Мәміле мәні болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды. 1. Мәміле мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні: қолданылмайды. 2. Мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық қатынасы осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы: қолданылмайды. 3. Мәміленің негізгі шарттары: - KASE мүшелерін алдағы уақытта облигацияларға жазылу жүргізілетіні туралы ақпараттандыру; - KASE мүшелерінен облигацияларды сатып алуға өтініштерді қабылдауды ұйымдастыруы; - KASE мүшелерінен алынған өтініштердің тізілімін қалыптастыру және осы тізілімді компанияға ұсыну; - KASE мүшелерінен алынған өтініштерді қанағаттандыру қорытындысы туралы ақпараттандыру; - облигацияларға жазылу жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты таратуы; - қаржылық шарттары: биржаның аталмыш келісім-шарт бойынша комиссиялық алымы аталмыш жазылым қорытындысы бойынша орналастырылған облигациялардың қосынды номиналдық құнынан 0,025 % құрайды (кемінде АЕК мөлшерінің 250-еселік көлемінде және АЕК мөлшерінің 250-еселік көлемінен аспауы тиіс); егер жазылым қорытындысы бойынша облигациялармен бірде бір мәміле жасалмаған болса онда Компания облигацияларды орналастырудан бас тартады, немесе аталмыш келісім-шарт дүлей күштердің әсерінен бұзылады, онда KASE комиссиялық алымы АЕК мөлшерінің 50-еселік көлеміндегі соманы құрайды. 4. Мәміле жасасу күні: 2014 жылдың 23 мамыры "Қазақстан Халық банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 34 бабы 1 тармағына сәйкес "Қазақстан қор биржасы" АҚ үлестес тұлғасы болып табылады. [2014-05-27]