"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Қазақстанның агросаласына еурооблигация орналастыру жолымен 600 млн еуро тартқаны туралы хабарлады

19.05.14 17:05
/KASE, 19.05.2014/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), биржаға (KASE), 2014 жылдың 19 мамырында төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: цитата басы 2014 жылдың 15 мамырында «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі («ҚазАгро») бұрында 2 млрд. АҚШ доллары сомасына тіркелген Облигация Шығару Бағдарламасын қолданып 3,255% жылдық мөлшерлемесі бойынша 5 жылдық мерзімге 600 млн.еуро сомасына еурооблигация шығарылымын орналастыруды жүзеге асырды. Аталған орналастыру ҚазАгроның халықаралық капитал нарығына екінші шығарылым болды, және 2007 жылдан бері Қазақстаннан еурода алғашқы шығарылым. Алғашқы шағырылым 2013 жылғы мамырда мерзімі 10 жылға, жылдық 4,625% ставка бойынша сомасы 1 млрд. АҚШ долларына еурооблигация шығарылымын дебютті орналастырған. Жаңа шығарылымның бірлескен ұйымдастырушылары Citi,HSBCи The Royal Bank of Scotland болып шықты, ал қағаздардың ішкі нарықтағы ұсынысы «Цесна Капитал» АҚ көмегімен жүзеге асты. 12 мамырдан 14-не дейін ҚазАгроның негізгі халықаралық институционалды инвесторлармен Франкфуртте, Мюнхенде, Лондонда, Амстердамда және Парижде бірқатар кездесулері өтті. Кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы және әлеуметтік- экономикалық дамудағы ҚазАгроның ауыл шаруашылық саласындағы маңызды стратегиялық рөлі туралы жағымды пікірлер айтылып, жалпы қолайлы нарықтық жағдаят пен Ресей Федерациясынан ұзақ мерзімді эмитент шығарылымының болмауы Холдингке еуропалық институционалды инвестрорлар жағынан салаға жоғары қызығушылық пен шығарылым тартуға мүмкіндік берді. Өткізілген кездесулер қорытындылары бойынша шығарылымға өтінімдердің ақырғы кітабы 240 халықаралық инвесторлардан 2,7 млрд.еуродан астам соманы құрады, олардың көп бөлігі Қазақстанның аграрлық саласына алғашқы рет инвестициялады, бұл Холдингтің инвестициялық қорын айтарлықтай кеңейтіп және халықаралық инвесторлардың Қазақстанның ауыл шаруашылық кешенінің тартымдылығы туралы хабардарлық деңгейін арттыра түсті. конец цитаты Аталмыш хабарламамен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_190514_kz.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2014-05-19]