"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ "Темiрбанк" АҚ бақылау акциялары пакеті және "Альянс Банк" АҚ миноритарлық акциялар пакетін Б.Өтемұратовқа сату акций сату бойынша мәміленің аяқталғаны туралы хабарлады

15.05.14 16:35
/KASE, 15.05.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана), биржаға (KASE) ақпараттық хабарлама ұсынды. ... "Самұрық-Қазына" АҚ және Болат Өтемұратов "Темiрбанк" АҚ 35,7 млрд. теңгеге 79,88% жай акцияларын сату және сатып алу бойынша, сондай-ақ "Альянс Банк" АҚ 16,00% жай және артықшылықты акцияларын 1,5 млрд. теңгеге сатып алғаны туралы хабарлады. Қосымша "Темiрбанк" АҚ 2010- 2012 жылдарға бөлінбеген табыс есебінен "Самұрық-Қазына" АҚ 9,1 млрд. теңге көлемінде дивиденд төледі. Мәміле нәтижесінде "Самұрық- Қазына" АҚ "Альянс Банк" АҚ бақылау акциялары пакетінің 51% жай және артықшылықты акцияларын сақтайды, ал Болат Өтемұратов "Темiрбанк" АҚ бақылаушы акционері болады. Мәмілелерге реттеуші органдар 2014 жылдың 20 наурызында келісім алған болатын. Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1219674 мекен-жайында танысуға болады. [2014-05-15]