"Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі АҚ 2013 жылға жай акциялар бойынша дивиденд төлегені туралы хабарлады

11.05.14 12:16
/KASE, 11.05.2014/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі АҚ (Алматы, одан әрі цитатада – Банк), биржаға (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: ...банктің жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы (ҰСН KZ1С00160016) (одан әрі – акция): 1) Дивиденд төленетін кезең – 2013 жыл; 2) Акцияларды ұстаушылардың тізбесін тіркеу күні – 2014 жылдың 12 мамырында 00 сағат 00 минут; 3) Дивиденд төлеу мерзімі – 2014 жылдың 13 мамыры; 4) Аталмыш кезеңде бір жай акцияға дивиденд көлемі – 194 898 (жүз тоқсан төрт мың сегіз жүз тоқсан сегіз) теңге 25 (жиырма бес) тиын. [2014-05-11]