13 мамырдан бастап KASE қайталама нарық секторында "АТФБанк" АҚ KZP01Y05E608 (KZ2C00002509, ATFBb9) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

06.05.14 17:23
/KASE, 06.05.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2014 жылдың 13 мамырынан бастап KASE қайталама нарық секторында "АТФБанк" АҚ (Алматы) KZP01Y05E608 (KZ2C00002509, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb9; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 13.02.14 – 13.02.19; тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 8,50 %; 30/360) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі қазақстандық теңгемен көрсетілген акция бағасының үтірден кейінгі екінші ондық таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша маркет-мейкер міндеттерін "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2014 жылдың 13 ақпанынан бастап енгізілген. Аталмыш акциялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/atfb мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-05-06]