2014 жылдың 29 мамырында "Альянс Банк" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

29.04.14 12:11
/KASE, 29.04.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Альянс Банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі банк) 2014 жылдың 29 мамырында сағат 10:00-де акционерлердің жылдық жалпы жиналысы келесідей күн тәртібінде, болып өтетіні туралы хабарлады: - акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - банктің 2013 жылға аудит жүргізілген қаржылық есеп берушілігін бекіту; - банктің 2013 жылға таза пайдасын бөлу тәртібін бекіту, банктің минималды сақтық қорын қалыптастыру және аяқталған 2012 қаржы жылына банктің жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы; - акционерлердің компания және оның лауазымды тұлғаларына шағымдары қарау және осындай қараулардың нәтижелері туралы; - Директорлар кеңесінің мүшелеріне және банктің Басқармасына 2013 жылға сыйақы төлеу мөлшері мен құрамы; - Банктің Директорлар кеңесінің аяқталған 2013 қаржылық жылға есеп беруі; - "Альянс Банк" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу саясаты және олардың шығындарының орнын толықтыру" атты ішкі нормативтік құжатын бекіту туралы. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Фурманов көш., 50 мекен-жайында болып өтеді. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 09:00-ден 10:00-ге дейін жүргізіледі. Осы Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2014 жылдың 28 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2014 жылдың 30 мамырында жоғарыда аталған мекен-жай бойынша, сол уақытта болып өтеді. Акционерлер күн тәртібіндегі сұрақтардың материалдарымен Алматы қ., Фурманов көш., 50 мекен-жайы бойынша, тел.: (727) 258 40 40 арқылы таныса алады, корпоративтік хатшы Мұсыльманқұлова Диана (ішкі тел.: 52038). [2013-04-29]