"Қазақстан Халық Банкі" еншілес ұйымы "Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ өзінің KZ1C31850015 (KZ1C00000819, NBPF) жай акциялары бойынша 1998-2013 жылдардағы дивиденд төлегені туралы хабарлады

25.04.14 15:05
/KASE, 25.04.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық Банкі" еншілес ұйымы "Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Алматы) ресми хатпен төмендегіні хабарлады: ... Қордың 2014 жылдың 22 сәуірінде болған жылдық жалпы жиналысында қордың 1998 жылдан 2013 жылға дейінгі жинақталған 9 118 478 545,20 теңге көлеміндегі бөлінбеген табысын бөлу туралы шешім қабылданды. Қордың бір жай акциясына есептелген дивиденд көлемі 803,41 (сегіз жүз үш теңге қырық тиын) теңге. Бағалы қағазды ұстаушылардың тізбесін тіркеу күні – 2014 жылдың 23 сәуірі. Дивиденд төлеу күні – 2014 жылдың 23 сәуірі. [2014-04-25]