"Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

24.04.14 14:15
/KASE, 24.04.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "Қазақстан Халық банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2014 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C31850015 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 15 000 000 дананы құрайды; - компанияның 11 349 720 акциялары орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "БТА Банкі" АҚ (Алматы) болып табылады, оның иелігінде компанияның 10 850 120 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 95,60 %) бар. [2014-04-24]