"Интергаз Орталық Азия" АҚ Fitch Ratings агенттігінің қоғамның рейтингілік бағасын арттырғаны туралы хабарлады

22.04.14 11:32
/KASE, 22.04.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана, одан әрі цитатада – Қоғам) биржаға (KASE) ресми хатпен " Fitch Ratings қоғамның ұзақ мерзімді несие рейтингін ВВ+ деңгейінен ВВВ- деңгейіне дейін арттырғаны туралы хабарлады. Қоғамның рейтингінің өзгеру болжамы – тұрақты.". Fitch Ratings агенттігінің 2014 жылдың 17 сәуіріндегі баспасөз- хабарламасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/INCA/inca_reliz_170414.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2014-04-22]