KASE акционерлері А.М. Жолдасбековты Биржалық кеңес мүшесі етіп сайлады және Биржалық кеңестің өкілеттілік мерзімін белгіледі

18.04.14, 17:23
/KASE, 21.04.2014/ – Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кещенінің Солтүстік мұнарасы, 8-ші қабат мекен-жайында орналасқан, "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2014 жылдың 18 сәуірінде Алматы уақытымен сағат 10.00-де жоғарыда аталмыш мекен-жайда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы мынадай күн тәртібімен болып өтті деп хабарлайды: 1. Биржалық кеңестің мүшесін сайлау туралы. 2. Биржалық кеңестің өкілеттілік мерзімі туралы. Аталмыш жиналыста KASE акционерлері келесідей шешімждер қабылдады: 1. Жолдасбеков Азамат Мырзаданұлы Биржалық кеңестің мүшесі болып сайлансын. Дауыс берді:"қосыламын"–673 987 "қарсымын"–0 "тартынамын"–0 2. Биржалық кеңестің келесі мүшелерінің өкілеттілік мерзімдерін, Биржаның 2015 жылға жылдық қаржылық есеп берушілігіне арналған, Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына дейін деп белгіленсін: –Е.С. Әбідразақов, А.М. Жолдасбеков, Д.С. Қарабаев, В.А. Кышпанаков (Биржа акционерлерінің мүддесін өкілдеушілер); –А.О. Алдамберген, Ж.Б. Құрманов, А.Г. Нүкішев, М.Ж. Ташметов (Биржаның тәуелсіз директорлары). Дауыс берді:"қосыламын"–667 854 "қарсымын"–0 "тартынамын"–6 133 [2014-04-21]