/KASE, 14.04.2014/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) шешімімен Репо
операцияларын жүзеге асыру ережесінің 12 тармағының 1) тармақшасына
және Автоматты репо нарығы ерекшеліктерінің 3-2 тармағының
1) тармақшасына сәйкес 2014 жылдың 19 ақпанынан бастап,
"HOMEBROKER" АҚ (Алматы) KZ2C0Y08C584 (KZ2C00001253, KASE
ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санаты,
KKI_b1; 1 теңге, 4,0 млрд теңге; 07.09.07 – 07.09.15, жылжымалы
жартыжылдық купон, жылдық 13,50 %; 30/360) облигацияларының заты
ретінде "тікелей" және "автоматты" тәсілмен пайдалануға тыйым салынды:
Аталмыш шешім "HOMEBROKER" АҚ аталмыш облигациялары бойынша
13-ші купондық сыйақысын төлемеуге байланысты міндеттемелерін
орындамағандықтан қабылданды.
Бұрын осы тақырыпта 2014 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан қор биржасының
"HOMEBROKER" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y08C584 (KZ2C00001253, KKI_b1)
облигациялары бойынша міндеттемелерін өтемегені туралы
http://www.kase.kz/news/show/1216849 жарияланған болатын.
[2014-04-14]