"HOMEBROKER" АҚ KZ2C0Y08C584 (KZ2C00001253, KKI_b1) облигациялары бойынша 13-ші купонды төлеуді кешіктіргені туралы хабарлады

11.04.14 18:52
/KASE, 14.04.2014/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "HOMEBROKER" АҚ (Алматы) биржаға (KASE) ресми хатпен өзінің KZ2C0Y08C584 (KZ2C00001253, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар санатының" екінші санатшасы, KKI_b1; 1 теңге, 4,0 млрд теңге; 07.09.07 – 07.09.15, жылжымалы жарты жылдық купон, купондық кезеңге жылдық 12,00 %; 30/360) облигациялары бойынша 13-ші купондық сыйақысын төлеуді кешіктіргені туралы хабарлады. "HOMEBROKER" АҚ аталмыш облигацияларының шығарылым аңдатпаларына сәйкес аталмыш төлем 2014 жылдың 07 наурызынан 21 наурызына дейін төленуі тиіс болатын. Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1216849 мекен-жайында танысуға болады. [2014-04-141]