"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Қазақстан) өзінің Қарағанды облысында 2013 жылы жобаларды қаржыландыруға қатысуы туралы хабарлады

28.03.14 16:42
/KASE, 28.03.2014/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) рессми тізімінде тұрған, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), биржаға жолдаған 2014 жылдың 28 наурызындағы ақпараттық хабарламыснда былай деп мәлімдеді: цитата басы "ҚазАгро" Ұлттық холдингі компаниялар тобымен Қарағанды облысының агроөнеркәсіп кешенін қаржыландырудың көлемі 2013 жылы 7,4 млрд.теңгені құрады. Бұл туралы Қарағандыда өткен көктемгі-егіс жұмыстарын субсидиялау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және оларды қаржыландыру тәртібі сұрақтары қарастырылған жиналыста "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов айтты. Бүгінгі күні "ҚазАгро" Холдингінің инвестициялық қоржыны жалпы республика бойынша 254,8 млрд.теңге сомасына 373 жобаларды құрайды, оның Қарағанды облысы жалпы құны 17,2 млрд.теңгеге 18 инестициялық жобаны қамтиды, құрылған жұмыс орындарының саны – 903 пайдалануға берілген уақытта. Бүгінгі күні пайдалануға 5,0 млрд.теңгені құрайтын 14 жоба берілді. Қарастырылу үстінде 5,4 млрд.теңгеге 7 өтінім бар. Қайрат Айтуғановтың сөзіне сәйкес орта және шағын бизнесті қолдау аясында "ҚазАгро" Ұлттық холдингі компаниялар тобымен 822,6 млн.теңгеге 9 Несиелік серіктестер /145 қатысушы/ қаржыландырылды.218 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы – арнайы техника, жабдықтар сатып алынды. "Сыбаға" фермерлік шаруашылықтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде холдинг қаржыландыруымен 5 090 аналық бас, 307 асыл тұқымды мал алынды. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ микронесиелеу бағдарламалары арқылы 941,1 млрд.теңге сомасына 438 микронесиелер / "Сыбаға" бағдарламасынан басқа/ берілді. Жаңа жұмыс орындары құрылып, 579 адам жұмсыпен қамтылды. Алдағы көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық барысында Ұлттық холдинг өз еншілес компаниялары арқылы /Аграрлық несиелік корпорация, Азық-түлік корпорациясы, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры/ және қарызгердің еншілес компаниялары болып табылмайтын басқа қаржылық институттар арқылы келесі шарттарда қаржыландыруды көздеп отыр: - Банктік кепілдік түрінде жылына 5 /бес/ пайыздан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша қамсыздандыруды берген жағдайда; - Өтімді кепілзаттық меншікті қамсызандыруға берген жағдайда 8 /сегіз/ пайыздан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша; - Көктемгі-жаз қаржыландыруы арқылы бидай және арпаны форвардтық сатып алуды жүзеге асырған соңғы қарызгерді қаржыландыру сомасынан 5 /бес/ пайыз көлемінде комиссия төлеу шартымен қаржыландыру. Форвардтық сатып алулар қарызгердің еншілес компаниясы алдында мерзімі өткен міндеттемелердің болмауы кезінде және 2014 жылы алынған ӘКК және/немесе соңғы қарызгердің қаржыны қайтармау жағдайында 2015 жылы жергілікті бюджеттен ӘКК-на қаржы бөлу туралы облыс әкімінің кепілдігі болған жағдайда екінші деңгейлі банктердің немес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдігімен жүзеге асырыла; - Несиелік серіктестер және микроқаржылық ұйымдарды жылдық 5 /бес/ пайыздан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша, бұл орайда несиелік серіктестер мен микроқаржылық ұйымдар соңғы қарызгерге 9 /тоғыз/ пайыздан аспайтын жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша қарыз беретін ұйымдар; Қайрат Айтуғановтың сөзіне сәйкес 2014 жылдан бастап бірінші рет холдинг әрі қарай ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді 9 пайыздан аспайтын мөлшерлемемен қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді қорландырады. Сонымен қатар, холдинг 2014 жылдан бастап АӨК-те келесі бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады: - Инвестициялық жобаларды қаржыландыру /операто ҚазАгроҚаржы/ - пайыздық ставка – жылдық 6 пайыз, қаржыландыру мерзімі 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Инвестициялық субсидиялар бойынша және несие бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау нормаларын іске қосып, қарызгерлердің инвестициялық белсенділігін күтеміз. - Инвестициялық мақсаттарды қаржыландыру, айналым қаражатын толықтыру /НС, ӘКК, қайта өңдеу кәсіпорындары/ /операторлар ҚАҚ, АНК/ - ҚАҚ пайыздық ставка – 12,8% жылдық, ал АНК – 5,2%-дан 14%-ға дейін, қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін; - ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы /операторлар ҚАҚ, АНК/ - пайыздық ставка жылдық 6%, қаржыландыру мерзімі 9,5 жылға дейін; - Ауыл шаруашылық, арнайы техниканың және қайта өңдеу жабдықтарының лизингі /оператор ҚАҚ/ - жылдық пайыздық ставка 5,8% /РБ қаражатынан "Агробизнес 2020" бағдарламасы аясында субсидияланған пайыздық ставка/, қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін; - Микронесиелеу /соның ішінде жұмыспен қамту-2020 Бағдарламасы бойынша/ /оператор АШҚҚҚ/ - пайыздық ставка – жылдық 6%, қаржыландыру мерзімі 4 жылға дейін; - Ауылдағы МНҰ несиелендіру /оператор АШҚҚҚ/ - пайыздық ставка жылдық 14,5% /соңғы қарызгер үшін/, қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін. Жалпы Холдингтің жиынтық несиелік қоржыны өткен жылы 348 млрд.теңгені немесе АӨК несиелендірудің жалпы көлемінің 48%-н құрады. Бұл аграрлық саланы барлық екінші деңгейлі банктерінің несиелендіру көлемімен салыстырмалы көрсеткіш. Өткен жылы Холдинг тарапынан республиканың АӨК саласын қолдуға 193,5 млрд.теңге бағытталды, соның ішінде несиелендіруге – 171,2 млрд.теңге. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 26,4%-ға көп (135,4 млрд. теңге). Сонымен бірге Холдинг қаржыландыруының құрылымында республикалық бюджеттің шығыны 9% ғана, ал қалғандары – жеке және тартылған қаржы. 2013 жылы орта және шағын бизнесті несиелендіруге 145 млрд.теңге бағытталған болатын – бұл 2012 жылмен салыстырғанда 10%-ға артық көрсеткіш (135,4 млрд. теңге). Көлемдерің өсуі ОШБ субъектілеріне берілген несиелердің саны 2 есе артуына байланысты. Лизингтік қызметтер нарығындағы "ҚазАгро" құрамындағы – "ҚазАгроҚаржы" компаниясының үлесі - 65%-ды, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры - 93%-ды құрайды. "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі Ринат Тасболатов +7 701 460 91 82, R.Tasbulatov@kazagro.kz тел: (7172) 70-56-39, www.kazagro.kz цитата соңы [2014-03-28]