2014 жылдың 22 сәуірінде "Қазақстан Халық Банкі" АҚ еншілес ұйымы "Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Казахстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

20.03.14 18:13
/KASE, 20.03.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ еншілес ұйымы "Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), биржаға 2014 жылдың 22 сәуірінде сағат 11.00-де қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы басталатыны туралы хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - 2013 жылдағы компанияның қызметі туралы Басқарманың есебі; - 2013 жылға жылдық қаржылық есеп берушілктерін бекіту; - 2013 қаржылық жылдағы таза пайданы және алдыңғы жылдардағы бөлінбеген кірістерді бөлу тәртібін анықтау, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемін анықтау; - Банктің Директорлар кеңесінің және ком пания Басқармасы мүшелеріне сыйақылардың көлемін және сыйақы құрамын анықтау; - қоғам акционерлерінің банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдану сұрақтарын қарау және қарау нәтижелері; - компанияның Директорлар кеңесі туралы; - компанияның акцияларын делистингілеу туралы. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Желтоқсан көш., 96/98, № 511 мәжіліс залы. мекен-жайында өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10.00- ден басталады. Осы жинкалысқа қатысуға құқылы акциолнерлердің тізімі 2014 жылдың 20 наурызындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда банк акци онерлерінің қайталама жиналысы 2014 жылдың 23 сәуірінде жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. [2014-03-20]