2014 жылдың 28 наурызында "ОРДА кредит" Несиелік серіктестігі" ЖШС (Қазақстан) қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

19.03.14 14:32
/KASE, 19.03.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ОРДА кредит" Несиелік серіктестігі" ЖШС (Шымкент, бұдан әрі – компания), биржаға 2014 жылдың 28 наурызында сағат 11.00-де қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлады, жиналыстың күн тәртібінде: - компания Басқармасының 2013 жылға шығындар және кірістер сметасын орындау туралы есеп беруі; - компанияның 2013 жылға қаржылық есеп берушілігін бекіту және компанияның таза пайдасын бөлу. Аталмыш жиналыстың өтетін жері: Шымкент қ., Г. Иляев көш., 47. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10.00-де басталады. Кворум жиналмаған жағдайда, компания қатысушыларының қайталама жиналысы 2014 жылдың 31 наурызында сағат 10.00-де, жоғарыда көрсетілген меен-жай бойынша басталады. Жиналыстың күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдармен қатысушылар: Шымкент қ., Г. Иляев көш., 47 мекен-жайында таныса алады. [2014-03-19]