"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры – "Егінжай" бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне көктемгі дала жұмыстарына несиелерді бере бастағаны туралы хабарлады

14.03.14 11:51
/KASE, 14.03.2014/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), 2014 жылдың 14 наурызында биржаға жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры – «Егінжай» бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне көктемгі дала жұмыстарына несиелерді бере бастады. Бағдарлама 2010 жылы ашылып, шағын жер телімдері бар фермерлік шаруашылықтар, шаруа қожалықтары, жеке азаматтарды қолдауға бағытталған. Үш жылдың ішінде Ауыл шаруаышылығын қаржылай қолдау қоры 2,7 млрд. теңгеге 1 мыңнан астам жобаны өз қаражатынан қаржыландырды. Сонымен қатар, тартылған қаражаттан мақта өсіретін ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне «Ырыс» шағын несие ұйымы» арқылы 1 млрд. теңге бөлінді. АӨК субъектілерін қолдау келесі талаптармен жүзеге асырылуда: несиенің сомасы - 6 млн. теңгеге дейін, жылдық сыйақы үстемесі - 9,5%, тиімді сыйақы үстемесі – 10,2% дейін. Несиені қайтару екі астықты сатудан кейін қарастырылған, бұл ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін өте маңызды жеңілдік. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы шаруалар жақын арада егістік науқанды бастауға дайын. Қордың Оңтүстік Қазақстан филиалы «Егінжай» бағдарламасы бойынша наурыздың бірінші күндері 8,5 млн. теңгеге 2 жобаны қаржыландырып, тағы 2 өтінімді қарастыруда. Ағымдағы жылы облыста көктемгі-дала және күзгі жиын-терім жұмыстарына 50 млн. теңге бағытталады деп жоспарланды. Жалпы 2014 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры тарапынан көктемгі-дала және күзгі жиын-терім жұмыстарына 1,6 млрд. теңге бөлінеді деп жоспарланған. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ баспасөз қызметі Тел. 8 /7172/ 678 250 (Әлия Енсебаева) www.fad.kz, e-mail: pressa@fagri.kz цитата соңы [2014-03-14]