KASE ПРЕЗИДЕНТІНЕ М.Р. ҚАБАШЕВ САЙЛАНДЫ

05.03.14 14:33
/KASE, 05.03.14, А.М. Жолдасбековтің лауазымын анықтауға байланысты қайта таратылды/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесінің 2014 жылдың 05 наурызындағы шешімімен KASE Президенті Азамат Мырзаданұлы Жолдасбековтің уәкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қазақстан қор биржасының Президенті болып Мақсат Рахымжанұлы Қабашев үш жыл мерзімге сайланды. М.Р. Қабашев бұрын "Альянс Банк" АҚ Басқармасының Төрағасы, "Стрестік активтер қоры" АҚ Басқармасының Төрағасы, "Қазақстаннның Инвестициялық қоры" АҚ Басқармасының Төрағасы, "Казына" тұрақты даму қоры" АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары лауазымдарымен қатар, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде және "Ұлттық инновациялық қор" АҚ басшылық қызметтерді атқарған. М.Р. Қабашев 1991 жылы Мәскеу орман техникалық институтын, ал 2004 жылы – Массачусет технологиялық институтын аяқтап, "іскерлік әкімшілеу магистрі (MBA)" дәрежесіне ие болды. 2014 жылдың 05 наурызынан бастап KASE Басқармасы төрт адамнан тұратын болады: М.Р. Қабашев (Президент), И.М. Сәбитов (Бірінші Вице- президент), А.Ю. Цалюк (Вице-президент), Н.Ю. Хорошевская (Вице- президент). Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ұсынған ақпарат бойынша А.М. Жолдасбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері және KASE бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. [2014-03-05]