"Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес Банкі АҚ (Қазақстан) 21 ақпанда биржада өзінің KZP01Y05E657 (KZ2C00002517, HCBNb2) облигацияларын орналастырғаны туралы хабарлады

20.02.14 18:08
/KASE, 21.02.2014/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ (Алматы), биржаға (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады: "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес Банкі АҚ (Қазақстан) (одан әрі – Эмитент) 2014 жылдың 21 ақпанында Эмитент облигацияларын KZP01Y05E657 (KZ2C00002517, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, HCBNb2; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 11.02.14 – 11.02.19; тиянақталған жартыжылдық купон, жылдық 9,50 %; 30/360) алғашқы орналастыратынын хабарлайды: орналастыру бағалы қағаздар бойынша негізгі сессия аясында "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ бағалы қағаздарын есепке алу үшін Эмитенттің қосалқы шотынан жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті 2014 жылдың 31 қаңтарында жалпы сомасы 50,0 млрд теңгеге тіркеген "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес Банкі АҚ екінші облигациялық бағдарламасы аясында бірінші болып табылады. [2014-02-21]