ҚҰБ ҚҚК "HOMEBROKER" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y08C584 (KZ2C00001253, KKI_b1) облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп берушілігін бекітті

10.02.14 16:37
/KASE, 10.02.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "HOMEBROKER" АҚ (Алматы), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2014 жылдың 03 ақпанындағы хабарламасының көшірмесін биржаға ұсынды. Ұсынған құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "HOMEBROKER" АҚ KZ2C0Y08C584 (KZ2C00001253, KASE ресми тізімі, "рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KKI_b1; 1 теңге, 4,0 млрд теңге; 07.09.07 – 07.09.15, жылжымалы жарты жылдық купон, жылдық 8,50 % ; 30/360) облигацияларын орналстыру қорытындысы туралы есепті бекітті. ҚҰБ ҚҚК 2013 жылдың 10 қыркүйегіндегі хабарламаға сәйкес 2 973 931 000 аталмыш облигациялар орналастырылды. [2014-02-10]