KASE мүдделі мәміле жасауды көздеп отырғаны туралы хабарлады

06.03.13, 14:59
/KASE, 06.03.13/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (одан әрі – KASE) 2013 жылдың 28 ақпанында Биржалық кеңестің шешімімен мүдделі мәміле жасау туралы шешім қабылданды: - "Ронекс Секьюрити Компани" ЕК жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен биржаның үй-жайларында бейнебақылауды ұйымдастыруға келісім-шарт жасалды; - Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байзақов көшесі 280, "Almaty Towers" көп мақсатты кешенінің солтүстік ғимараты, 4-қабатта орналасқан "eTrade.kz" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен тұрғын емес үй-жайды арендаға алу келісім-шарты жасалды. [2013-03-06]