ҚҰБ ҚҚК "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі АҚ (Қазақстан) KZP01Y03E546 (KZ2C00002442, HCBNb1) облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп берушілігін бекітті

27.01.14 17:34
/KASE, 27.01.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі АҚ (Алматы), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2014 жылдың 17 қаңтарындағы хабарламасының көшірмесін биржаға ұсынды. Ұсынған құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі АҚ KZP01Y03E546 (KZ2C00002442, KASE ресми тізімі, "рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, HCBNb1; 1 000 тенге, 7,0 млрд тенге; 05.11.13 – 05.11.16; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, жылдық 8,50 % ; 30/360) облигацияларын орналстыру қорытындысы туралы есепті бекітті. ҚҰБ ҚҚК 2013 жылдың 06 желтоқсанындағы хабарламаға сәйкес 7 000 000 аталмыш облигациялар орналастырылды. Аталмыш облигацияларды орналастыру туралы есепбі KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/HCBN/hcbn_razmb1_170114.pdf мекен-жайына танысуға болады. [2014-01-27]