"СевКазЭнерго" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 қаңтарына үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
22.01.14 14:30
/KASE, 22.01.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "СевКазЭнерго" АҚ (Петропавловск, бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің
2014 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек KZ1C57830016 жай акциялары) жалпы
саны 150 000 000 дана;
- компанияның 143 863 799 акциясы орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері, яғни орналастырылған акцияларының
жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына
иеленген жалғыз тұлға "Орта-Азиялық отын-энергетика компаниясы" АҚ
(Алматы) болып табылады.
[2014-01-22]